Рақымшылыққа ілінген экс-банкир Жомарт Ертаев тағы түрмеге отыратын болды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жазды

Фото: yertayev.zhomart

Қыркүйектің басында рақымшылыққа ілініп, түрмеден ерте босаған экс-банкир Жомарт Ертаев тағы түрмеге түсетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан мәлім етті.

«Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Бас прокуратура, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын», - деп жазған Абзал Құспан.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «RBK Bank» банкінен 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілінген еді.