Қазақстан Дональд Трамптың бітімгерлік жоспарын қолдайды – Желдібай

Автор: Бақыт Шынар

Еліміз бұл жоспар ахуалды реттеуге үлес қосады деп сенеді

Фото: T.me/Руслан Желдібай

Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді», - деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше түнде Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамппен түскен суретін жариялаған еді.