Ғалым Күнсұлу Закария президенттің кеңесшісі қызметінен босады

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды: Тоқаевтың бірнеше кеңесшісі лауазымынан босап, тағы бірнеше адам жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Azattyq Rýhy 

Лауазымынан босаған адамдардың арасында ғалым Күнсұлу Закария да бар.

«Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босады», - деп хабарлады Ақорда.

Бұған дейін жазғанымыздай, Тамара Дүйсенова да президенттің көмекшісі қызметінен кеткен еді.