Бұл туралы Ақорда хабарлады
Экс-министр Қанат Шарлапаев Ақордадағы қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, өнеркәсіп министрлігіндегі лауазымынан кейін ол президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалған еді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.
Одан бөлек Ернар Баспаев та Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босады. Ол лауазымға Бақытжан Сапиев тағайындалды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.