Биыл алғашқы блог іске қосылмақ
Мәскеудегі әлемдік атом апталығы форумының ашылуында атом саласындағы халықаралық мамандар атом энергетикасының өзектілігін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атом энергетикасы соңғы жылдары өзінің өзекті ресурс екенін дәлелдеді. Мажарстанда биыл қарашада Росатом тұрғызған АЭС-тің алғашқы іргетасы қаланбақ. Ал Түркия биыл бірінші атом электр станциясының алғашқы блогын іске қосады.
МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Мариано Гроссидің айтуынша, әлем атом энернетикасы саласын қарқынды дамытуға көшті.
«Біз үшін атом дамыту саласындағы трендті жалғастыру өте маңызды. Атом энергетикасы бейбіт мақсатта қолданылуы керек. Сондықтан кез келген АЭС-тің түпкі мақсаты - бейбіт қолдану болуы тиіс. Ядролық қауіпсіздік саласындағы жұмыстар да аса маңызды. Бұл атом энергетикасын дамытқысы келетін барлық елге қатысты. Сол үшін де бұл саладағы өзара ынтымақтастық аса маңызды болып отыр»,- дейді МАГАТЭ басшысы форумның ашылуында.
Ал дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың директоры Сама Бильбао-и-Леон атағандай, атом өнеркәсібінің 80 жылдығына орай өтіп жатқан атом апталығы форумында болашақтың іргетасы қалыптасып жатыр.
«Мен жиі әлемнің әртүрлі елдеріне саяхат жасаймын... және бір ғана қорытындыға келе аламын: барлық жерде атомдық генерацияның әлем дамуына қажетті әрі одан әрі өсуге мүмкіндік беретін негізгі құрал екендігі айқын сезіледі. Сондықтан мәселе атомдық технологияларды дамыту немесе дамытпау туралы емес, қазіргі таңда біз оларды қаншалықты жылдам және қанша реактор көлемінде дамытатынымызды талқылап отырмыз. Бұл біздің болашағымыздың қалай қалыптасатынын анықтайды... Сол себепті әлемдегі әрқайсымыз осы жаһандық міндетті жүзеге асыру үшін күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Әлемге таза энергетика, таза қуат көзі керек, ал оны қамтамасыз ете алатын жалғыз сала – атомдық генерация.Алдағы он жылда атом энергетикасы саласында бірлесе жұмыс істеу өз маңызына сай күн тәртібіне шығып отыр. Жақында Лондон ядролық симпозиум өтті. Онда атом генерациясы мен атом технологиясының өзекті екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті»,- дейді ол.
Росатом басшысы Алексей Лихачев әлемнің ертеңі үшін атом энергиясына жететін таза, экологиялық энергия баламасы жоқ екенін жеткізді. Сол себепті ол бұл кездесу аса маңызды шешімдерге жол ашады дейді.
«Біздің міндетіміз – ертеңгі күнге бірге қадам басу. Атом энергиясын базалық, таза әрі экологиялық жасыл энергияның негізгі көзі ретінде пайдалануға балама жоқ. Біз МАГАТЭ-ге көпжақты серіктестігі үшін де, екіжақты жобаларымызға көрсеткен қолдауы үшін де алғыс айтамыз»,- дейді ол.
Әлемдік ядролық қауымдастық «Росатоммен» ынтымақтастық қарқынын бәсеңдеткен жоқ.
Түркияның энергетика және табиғи ресурстар вице-министрі Зафер Демирджан елдің ұлттық энергетикалық стратегиясы тұрақты даму мен энергия қауіпсіздігі қағидаттарына негізделген және 2053 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын айтты.
«Осы бағытта ядролық энергия ерекше орын алады. Ол тек төмен көміртекті әрі сенімді базалық электр энергиясының көзі ғана емес, сонымен бірге технологиялық ілгерілеу мен экономикалық өсімнің маңызды қозғаушы күші. Осы мақсатта біз 2050 жылға дейін кемінде 20 гв ядролық қуат енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл қатарға шағын модульдік реакторлар сияқты инновациялық технологиялар да кіреді. «Аккую» атом электр станциясы Түркияның бейбіт ядролық дамуындағы тарихи белес болып саналады. Қазіргі таңда станцияның барлық энергоблоктары салынып жатыр. Бұл – шамамен 30 мың адам еңбек етіп жатқан ауқымды жоба»,- дейді ол.
4-ші энергоблокқа реактор корпусы - екі елдің осы жобаны жүзеге асырудағы ортақ табанды ұмтылысының нақты көрінісі.
«Келер жылдың екінші тоқсанында 1-ші блоктан алғашқы электр энергиясын өндіруді көздеп отырмыз. 2028 жылдың соңына дейін барлық блоктар толық іске қосылады деп жоспарланып отыр. Аккую АЭС-і іске қосылғанда еліміздің электр энергиясы қажеттілігінің 10 пайызын қамтамасыз етіп, жыл сайын 35 миллион тонна көміртек шығарындыларын азайтуға мүмкіндік аламыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жобаға үлес қосқан Түркия мен Ресей Федерациясының барлық өкілдеріне шынайы алғысымды білдіремін»,- деді ол.