Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

Автор: Алмас Ерсін

Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

«Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылыпжатқанына тоқталды», - деп жазылған хабарламада.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді. Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.