Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ақордаға сілтеме жасап.
«БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті», - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.