Биыл Жеңістің 75 жылдығына орай Ресейде салтанатты парад өтеді
Жеңістің 75 жылдығына орай, Ресейде өтетін мерекелік парадқа Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Бұл туралы Президентітң баспасөз қызметі хабарлайды.
«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.