Феликс Чисекеди елімізге мемлекеттік сапармен келген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекедиді салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдымен екі ел президенттері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай залда сап түзеген құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди отырыс залына қарай бағытталды.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланбақ.