Тоқаев Солтүстік Македония президентіне жеделхат жолдады

Автор: Алмас Ерсін

Президент Солтүстік Македония Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатынын атап өтті

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады», - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македония Республикасымен дәстүрлі достық және өзара түсіністік рухындағы ынтымақтастық ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.