Конго президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Автор: Дәулет Ботагөз

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізілмек

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9–10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланады», - деп жазды Ақорданың ресми сайты