Тоқаев Лиссабон орталығындағы апатқа байланысты Португалия президентіне көңіл айтты

Автор: Бақыт Шынар

Кеше қаланың орталығында фуникулер рельстен шығып кетіп, ондаған адам қаза тапқан

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апатқа байланысты Португалия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты», - деп хабарлады Ақорда.  

Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген.