Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады
Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды.
«Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады», - деп жазылған хабарламада.
Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.