Шұғыл: Тоқаев кезекті Жолдауын қашан жариялайтыны белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Ол ақпаратты президенттің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы биыл 8 қыркүйекте өтетін болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды», - деп хабарлайды Желдібай.

Айта кетейік, бұған дейін Ақорда Тоқаевтың Қытайға сапарлайтынын хабарлаған еді.