«Алладан шипа беруін тілеймін»: Түркия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

Автор: Azattyq Rýhy

Кеше Елбасы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды 

Фото: ашық дерек көздерінен

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанның Тұңғыш Президентіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

«Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды, бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін. 

Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда, қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді.

Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін», - делінген жеделхатта.