Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтті

Фото: t.me/aqorda_resmi

Француз тарапының бастамасымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.