20.08.2025, 09:04
Саясат
Тоқаев ресми сапармен Қырғыз еліне барады
Бұл туралы Ақорда хабарлады
https://primeminister.kz
Осы аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, ресми сапар 22 тамызға жоспарланған.
«22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді», - деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ, Ақорданың мәліметіне сүйенсек, екі президент Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді