Кремль жеделхат мәтінін жариялады
Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты қолдау білдіріп, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
«Мен шын жүректен, сізге осы қиын сәтте қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік энергияңыз, сергектік және оптимистік көзқарасыңыз вирусты қысқа мерзімде жеңуге көмектеседі деп сенемін. Шын жүректен Сіздің сауығып кетуіңізді және ұзақ жылға денсаулық тілеймін», - делінген Ресей Президентінің жеделхатында.
Еске салсақ, бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғаны белгілі болды.