Үкімет эпидахуалды тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдайды – Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ертең жарияланады

Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды, деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан к/вирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды»,- деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.