Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Автор: Бақыт Шынар

Бұл күндері президент Түрікменстанда жүр

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды», - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.