Түркияның ірі холдингі Қазақстанның үш қаласында аурухана салады
Тоқаев Түркиядағы сапары аясында YDA Holding басқарма төрағасымен кездесті

Түркиядағы сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев осы компанияның Қазақстанда салып жатқан инвестициялық жобалары туралы танысқан.
«Атап айтқанда, түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған. Компания алдағы уақытта Астанадағы YDA Industrial Park көпсалалы өндіріс кешенін кеңейтіп, сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуды бастайды», - деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар Хусейн Арслан компанияның Ақтауда мультимодальді транзит хабын құруға қатысты жоспарын айтқан. Тоқаев холдингтің Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан қызығушылығын және елімізде жүзеге асырып жатқан инвестициялық бастамаларын жоғары бағалады.