Экс-қорғаныс министрі жаңа лауазымға тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Жақсылықов енді Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс істейді

Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», - деп жазды Ақорда.