Ол автомобиль өндірісіндегі әділетсіздікті атап көрсетті
Бүгін Мәжіліс отырысында сөз сөйлеген депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов отандық автомобиль өндірісін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктерін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілген жан-жақты жеңілдіктерге қарамастан, өндірістегі әділетсіздік пен ашықтықтың жоқтығы саланың дамуын тежеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы отандық автомобиль жасау саласын дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Осы мақсатта мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау шаралары іске асырылып, айрықша көңіл бөлініп келеді. Автокөлік шығаратын кәсіпорындарға салықтық және кедендік жеңілдіктер беріліп, шетелден әкелетін материалдар мен жабдықтар үшін кедендік баж бен қосылған құн салығынан босатылды. Мемлекеттік сатып алуларда отандық көліктерге басымдық бар. Бүкіл ел отандық автоөнеркәсіпті қолдап отыр. Бұл дұрыс қадам. Себебі, бұл сала жаңа жұмыс орындарын ашуға, шетелдік технологияны меңгеруге және индустриялық дамуға жол ашады», - деді ол.
Алайда Жайымбетов бұл қолдаудың барлығы нақты өндірістік нәтиже мен технологиялық серпіліске жеткізбей отырғанын атап өтті. Ол отандық кәсіпорындардың басым бөлігі әлі де дайын көлікті бөлшектеп жинау арқылы жұмыс істейтінін сынға алды.
«Бастапқы кезеңде мемлекет өндірістің негізін қалау үшін жеңілдетілген талаптар қойды. Тек 2 млрд теңге инвестиция, жылына 25 мың көлік, шағын тораппен (мелкоузловой сборки) бір үлгіні құрастыру. Мұны халық арасында «бұрағыш әдісі» («отверточной») деп те атайды. Әрине, бастапқыда тиімді болды, бірақ қазір мұндай тәсіл жергілікті өндіріс пен технологияны дамытпайды.
2021 жылдан бастап талаптар күшейтілді. Енді кемінде 70 миллиард теңге инвестиция құйып, кем дегенде екі үлгіні шағын торапты (мелкоузловой сборки) әдіспен шығару және 2027 жылға дейін жергілікті құрам (локализация) үлесін 50%-ға жеткізу міндеті қойылды. Бірақ бұл талаптар барлық өндірушілерге бірдей қойылмады. Нарықтағы ірі мекемелер- «СарыарқаАвтоПром» мен «Hyundai Trans Kazakhstan» бұрынғы жеңілдетілген шарттармен жұмысын жалғастыруда. Яғни әділетсіз бәсекелестік тудырып, өзге инвесторларға кедергі келтіреді.
Одан бөлек, шынайы өндіріс көрсеткіштері қойылған талаптарға сай емес. Қойылған шекті көрсеткіштер - 70 млрд теңге инвестиция мен жылына 25 мың көлік шығару міндеттелгенімен, 2023 жылы бар болғаны 13 мың, 2024 жылдың 10 айында - 17 мың көлік құрастырылған. Демек, өнімнің 90%-дан астамы әлі де ірі торапты әдіспен (крупноузловой сборки), яғни дайын көлікті бөлшектеп құрастыру арқылы шығарылып жатыр. Соған қарамастан, мұндай өнім де толық отандық ретінде танылып, мемлекеттік қолдауға ие. Сөйтіп, бір бұрағышпен құрастырылған көлікке бюджеттен миллиардтар бөлініп жатыр», - деді депутат.
Депутат сыртқы сауда статистикасындағы сәйкессіздіктерге де тоқталды. Оның айтуынша, 2024 жылы Қытайдан келген шанақтардың құны 424 млн доллар болса, Қытайдың өз мәліметінде Қазақстанға небәрі 6 млн доллардың өнімі жөнелтілген.
«Шындығына келсек дайын көліктер шанақ боп кіріп, салықтан сытылып жатыр. VIN-коды бар шанақ - толық көлік, бірақ біз оны «жартылай өнім» деп тіркеп, екінші VIN жапсырып, ресми есептен жасырамыз», - деді депутат.
Сондай-ақ, ол өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер азаматтық-құқықтық сипатта рәсімделгендіктен, мемлекеттік органдар тарапынан толық бақылау жүргізу мүмкін емес екенін айтты. Бұл жағдай бақылау мен есеп беру процесін қиындатып отыр.
«AMANAT» партиясы өндіріске нақты үлес қосатын, технологиялық талаптарға сай, әділ әрі ашық нарық қалыптастыруды қолдайды. Әлемдік тәжірибе де осыны көрсетіп отыр. Мемлекеттер көмек пен субсидияны шағын торапты әдіске, нақты өндірістік нәтижеге қарап береді. Еліміз де осы бағытқа бет бұруы қажет. Шынайы өндіріс пен ашықтыққа негізделген әділетті жүйе ғана саланың болашағын қамтамасыз ете алады», - деген депутат отандық автокөлік өндірісін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында нақты шараларды қабылдауды ұсынды.
Олар: