Жақсылықов пен Қарабаев қызметінен босатылды
Қазақстанда бір күнде екі министр ауысты. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Көлік министрі Марат Қарабаев лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Президенттің Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды. Қосанов бұған дейін атқарған қызметінен босатылып, енді елдің қорғаныс саласына жетекшілік етеді.
Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды. Ақорда бұл шешім туралы ресми хабарлама жариялады, алайда жаңа министрдің есімі әзірге жарияланған жоқ.