Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік тіледі
Мемлекет басшсы Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі.
Оппозициялық «Тобуро» демократиялық партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён Оңтүстік Кореяда өткен кезектен тыс президент сайлауында 49,2 пайыз дауыспен жеңіске жетті.