Досаев Алматы әкімі қызметінен кете ме - депутаттар ертең жиналғалы жатыр

Автор: Нұргүл Абай

Мәслихат депутаттары ертең жиналғалы жатыр

Фото: gov.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының мәслихаты жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін ертең жиналыс өткізбек.

«Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлайды», - делінген хабарламада.

Айта кетері, Ерболат Досаевтың Алматы әкімі лауазымынан босайтыны туралы ресми ақпарат еш жерде жарияланған жоқ. Қала әкімдігінің ресми сайтында Досаев әлі қала әкімі деп көрсетілген. Алайда әлеуметтік желіде Досаев өз орнын босатады деген ақпарат тарап жатыр.

Ерболат Досаев Алматы қаласын 2022 жылғы 31 қаңтардан бері басқарып отыр.