2019, 2021 және 2023 жылдары өткен алдыңғы іріктеулерге 60 мыңнан астам адам қызығушылық танытқан
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай биыл президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік төрағасы атап өткендей, Президенттік жастар кадр резерві — бұл дарынды, бастамашыл және кәсіби жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға арналған стратегиялық жоба. Мемлекет басшысы бұл бастаманың елдегі түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген мамандарды мемлекеттік қызметке тартуда маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын.
2019, 2021 және 2023 жылдары өткен алдыңғы іріктеулерге 60 мыңнан астам адам қызығушылық танытқан. Нәтижесінде 400 адам резервке қабылданды, олардың 318-і бүгінде жауапты мемлекеттік және корпоративтік лауазымдарда еңбек етуде:
Дархан Жазықбайдың айтуынша, 2025 жылғы іріктеу салалық теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталады. Әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу жүреді.