Тоқаев туған күнін тойлай ма - президенттің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады

Автор: Бақыт Шынар

Президент екі күннен кейін 72 жасқа толады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойламайды. Бұл туралы оның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты салтанатты іс-шаралар жоспарланбаған. Президент туған күнін атап өтпейді», - деп хабарлаған оның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған.