Абу Дабидің Тақ мұрагері Қазақстанға ресми сапармен келеді

Автор: Алмас Ерсін

Бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр

Фото: pixabay

1-12 мамыр күндері елімізге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланып, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президенті Николас Мадуроны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған болатын.