28.04.2025, 09:08
Саясат
Тоқаев Сәтқалиевтің тағы бір орынбасарын тағайындады
Өткен аптада Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасары тағайындалған еді
Фото: Ақорда
Бүгін, 28 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкімімен Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Енді Ғұмар Серғазин осы агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқәлиевтің орынбасары лауазымына кіріседі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Өткен аптада Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасары тағайындалған еді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы