Айнұр Мұхамедьярованың айтуынша, еліміз үшін бірлік дәл қазір аса маңызды
«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының өкілі Айнұр Мұхамедиярова бүгін өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясының мән-мағынасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президенттің сөзінде ерекше атап өткен басты тақырып — бірлік. Бірлік – бұл жай ғана ұғым емес, бұл – ұлт қуатының негізі. Ғаламдық сын-қатерлер мен ішкі өзгерістер жағдайында түрлі этностардың, мәдениеттер мен дәстүрлердің арасындағы ауызбіршілік пен өзара түсіністік бізге алға қарай қадам басуға мүмкіндік береді. Президент атап өткендей, тек бірге әрекет еткенде ғана біз кез келген қиындықты еңсеріп, қойылған мақсаттарға жете аламыз. Бұл үндеу қазіргі кезеңде — бейбітшілік пен келісімді сақтау аса маңызды болып тұрған уақытта ерекше өзектілікке ие», - дейді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі сессия қоғамдық және саяси дамуымыздағы маңызды кезеңдердің бірі болды.