Мемлекеттік бірлік – тұрақты дамудың іргетасы - «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева
«AMANAT» партиясы қоғамды біріктіретін жобаларды іске асырып жатыр

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан бастамаларға қатысты пікір білдіріп, ел ішіндегі қоғамдық-саяси бірлік пен этносаралық келісімнің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына қатысып, еліміздегі маңызды бастамалар мен өзекті мәселелерге тоқталды. Айта кету керек, биыл ҚХА құрылғанына 30 жыл толды. Түрлі ұлт пен ұлыстың қара шаңырағына айналған Қазақстанда барша азаматтар тату тәтті, береке-бірлікте ғұмыр кешуде. Бұндай ауызбіршілікті сақтаудың ең маңызды жолы қоғамдық-саяси бірлік. Президент сессия барысында соңғы жылдары жүргізілген ауқымды реформалардың арқасында Ассамблея жұмысы жаңа белеске көтерілгенін атап өтті.
«Елімізде соңғы жылдары атқарылған ауқымды өзгерістердің арқасында Ассамблея қызметі жасампаздықтың жаңа сипатына көтерілді. Сенаттың бес депутатын Ассамблея кеңесінің ұсынысымен Президент тағайындайды. Бұл қадам заңнамалық деңгейде барлық этностың мүддесін қорғау мүмкіндігін едәуір арттырды. Оған қоса, Қазақстан парламентаризмі тарихында алғаш рет «Бір ел — бір мүдде» атты палатааралық депутаттар тобы құрылды. Бұл топ қоғамдық келісімді нығайту мәселелерімен айналысады. Қазір мемлекеттік органдар түгел Ассамблея жұмысына атсалысады. Министрліктерден, облыс әкімдіктері мен барлық деңгейдегі мәслихаттардан бастап ауыл әкімдіктеріне дейін одан шет қалмайды», – деді Мемлекет басшысы», - деп ой бөлісті Гүлшат Мұсаева.
Ол ел тарихындағы ортақ жеңістер мен тағылымды оқиғалар қазақстандық қоғамды біріктіретін маңызды фактор екенін атап өтті. Соның бірі - биылғы Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын кең көлемде атап өту шарасы.
«Туған жерді қорғауға қазақ жерінен көптеген боздақтар аттанды. Мақсаты мен міндеті бір жерден орын алған қайсар батырларымыздың арқасында бейбіт еліміздің іргесі қалыптасты. Соның негізінде, бүгінгі ұрпақ берекелі елде өмір сүруде. Бұл тұрғыда «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауқымды шаралар легі бастау алды. Соғыс және тыл ардагерлеріне партияластарымыздың ықпалымен түрлі көмек көрсетілуде, - деді ол.
Гүлшат Мұсаева сондай-ақ партия тарапынан жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және экологиялық бастамаларға тоқталды.
«Мемлекет басшысының «Таза Қазақастан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында партияластырымыз «Таза бейсенбі» акциясын қолға алды. Су арналары, көшелер мен мәдени демалыс орындарынан бөлек, ҰОС 80 жылдығы аясында тағзым алаңдары, Соғыс ардагерлерінің аты берілген көшелерге ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастамалардың сәтті жүзеге асуы өзара диалог пен бейбіт қарым-қатынастың нәтижесі екені анық», - деді партия филиалының хатшысы.