Ол Рим папасының жерлеу рәсіміне қатысады
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Италья премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға сапары кейінге шегерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Италия тарапының өтініші бойынша Премьер-министр Джорджа Мелонидің 26-27 сәуір күндері Қазақстанға жоспарланған ресми сапары мен «Орталық Азия - Италия» алғашқы саммитіне қатысуы кейінге қалды. Себебі Италия үкіметінің басшысы Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады. Сапардың уақыты қосымша хабарланады», - деді Руслан Желдібай.
Еске салсақ, Рим папасы Франциск 2025 жылғы 21 сәуірде, Пасха мейрамынан кейінгі күні дүниеден озды. Ол 88 жаста болды. Соңғы кездері понтифик қатты ауырған еді.