Серік Жұманғарин Ауғанстанға барады: Қазақстан бұл елде көрме өткізбек

Автор: Бақыт Шынар

Вице-премьер Кабулға барып, Ауғанстанның ресми тұлғаларымен кездеседі

Фото: primeminister.kz. 2023 жыл, 17 сәуір

2025 жылдың 21-23 сәуірінде  вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ауғанстанға барып, осы елдің ресми тұлғаларымен кездеседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің ресми сайтындағы ақпаратқа жүгінсек, осы сапар аясында Қазақстан тауарларының көрмесі өтеді.

«21–23 сәуір аралығында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға барады. Сапар аясында делегация Ауғанстанның ресми тұлғаларымен кездесіп, Қазақстан тауарларының көрмесін өткізбек», - деп хабарлайды үкімет.

Айта кетейік, Жұманғарин 2023 жылдың сәуірінде де Ауғанстанға барған болатын.