18.04.2025, 13:23
Саясат
Ауған халқы Қазақстан жіберген 36 вагон гуманитарлық көмекті қабылдап алды
Оны Қазақстанның Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов табыстады
Фото: үкімет
Қазақстан Ауғанстан халқына 2,2 мың тонна гуманитарлық көмек жіберді. Оның ішінде май, ұн, күріш, көрпе-жастық бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, азық-түлік пен көрпе-жастық пойыз арқылы, ал өте қажетті дәрі-дәрмек ұшақ арқылы жеткен.
«Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов атап өткендей, Қазақстан ауған халқын ары қарай қолдай береді. Тек гуманитарлық қана емес, тау-кен өнеркәсібі, көлік, логистика мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 09:52
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 09:08
Жоғарғы соттың төрағасы тағайындалды