Тоқаев қазақстандықтарды жаппай ауруға шалдығудан аулақ болуға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент коронавирус қауіпінің сейілмегенін мәлім етті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды тағы да бір рет сақтық шараларын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын. Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады», - деп жазды Президент Twitter парақшасына.

Айта кетейік, соңғы екі тәулікте Қазақстанда жеті адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды.