Америкалық әскерилер ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадиға қарсы операция жүргізді, деп хабарлайды BBC news
Кейбір деректерге қарағанда, Бағдади өлген болуы мүмкін, бірақ бұл ақапарат әлі расталған жоқ.
«Дәл қазір маңызды оқиға болды», - деп жазды АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің Twitter-парақшасында. Ол жексенбі күні осы жайтқа байланысты арнайы жиын өткізбекші.
Әл-Бағдадиді 2014 жылы Мосул қаласындағы мешітте Сирия мен Иракты «халифат» басқаратыны туралы сөйлеген сөзінен кейін ешкім көрмеген.