Тоқаев экс-министрді Үндістанға елші етіп жіберді

Автор: Нұргүл Абай

Есқараев Әділет министрлігін басқарған

Фото: gov.kz

Бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Азамат Есқараев екі жыл бойы Әділет министрлігін басқарған. Осы жылдың басында Есқараевтың орнына әділет министрі болып Ерлан Сәрсембаев тағайындалды.