$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменнің экс-әкімі жаңа лауазымға тағайындалды

Жақсылық Омар қаланы алты жыл басқарған

Өскеменнің экс-әкімі жаңа лауазымға тағайындалды
Фото: instagram.com/shko.akim.official/

Бұрын Өскемен қаласының әкімі болған Жақсылық Омар енді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болады, деп жазады Azattyq Ruhy.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. Оның айтуынша, Жақсылық Омар «өңірдегі проблемалар мен тұрғындардың мұң-мұқтажын жақсы біледі».

«Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Өңірдің барлық мәселелері мен тұрғындарының мұң-мұқтажы оған жақсы таныс. Оның жаңа, әрі жауапты қызметке өз білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Жақсылық Омар Өскеменнің әкімі болып тұрғанда тұрғындар оған қарсы петиция жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары