Алматыдан Инчхонға тікелей рейс ұшады - билет құны белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстандықтар 7 сәуірден бастап Оңтүстік Кореяға тікелей ұшып бара алады

Фото: istockphoto.com

Алматыдан Инчхон қаласына аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері тікелей рейс ұшады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kazakh Tourism компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, билет құны - 199 000 вон.

«Былтыр Қазақстанға Оңтүстік Кореядан 40,2 мыңға жуық турист келген. Алматыдағы шетелдік жұмысшылар мен этникалық корейлер тарапынан да сұраныс жоғары, туристер үшін де екі тарап тартымды», - деп хабарлайды Ұлттық компания.