Соңғы санақ бойынша, Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында 1500 адам тұрады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев алғашқы АЭС салынатын Үлкен ауылын аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының әлеуметтік инфрақұрылымымен танысып, тұрғындармен кездескен көрінеді.
«Сапардың маңызды бөлігі – Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған аумақпен танысу болды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас облыс әкіміне жер телімінің сипаттамаларын таныстырып, стратегиялық жобаны іске асыру перспективаларын көрсетті», - деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты.
Марат Сұлтанғазиев АЭС салып, оны одан әрі дұрыс пайдалану үшін Үлкен ауылында Индустриалды аймақ құруды тапсырған.