Ол енді Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінге дейін энергетика министрі болған Алмасадам Сәтқалиевті жаңа лауазымға тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазады Ақорда.