Тоқаев жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады

Автор: Нұргүл Абай

Бұған дейін бұл қызметті Қанат Шарлапаев атқарған

Фото: ktze.kz

Ерсайын Нағаспаев енді өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Осыған дейін бұл қызметті Қанат Шарлапаев атқарған болатын. Бүгін ол президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне кірісті.