Форум коронавирус тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру туралы болды
Қасым-Жомарт Тоқаев «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің шақыруымен Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының атынан «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатыстым. Жиында Қазақстанның пандемияға қарсы жаһандық күреске қосқан үлесі туралы айттым», - деп жазды Президент.