Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат қолдаған
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысының жұртшылығына жаңа әкім Берік Уәлиді таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Үкіметтің баспасөз қызметі жазғандай, Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.
«Депутаттарға Мемлекет басшысының Абай облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Абай облысы Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевті ұсыну туралы хаты оқылды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатурасына дауыс берді. Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат жақтады. ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.