Украина тарапы да келіссөздерге қатысуы мүмкін
АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News арнасына берген сұхбатында Ресей өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін жексенбі күні АҚШ делегациясы Сауд Арабиясына баратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мен бүгін ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшімен бірге сонда аттанамын. Президенттің тапсырмасы бойынша кездесулер өткіземіз», – деді Уиткофф.
Сонымен қатар, делегация «Ресей мен Украина мәселесінде жақсы нәтижеге қол жеткізуге» үмітті екені хабарланды. Уиткофф Украина келіссөздерге қатыспайды деген мәлімдемелермен келіспейтінін де атап өтті.