Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Бақыт Шынар

Әңгімеге Еуропа тарапы бастамашы болған

Фото: Ақорда

Еуропа тарапының бастамасымен президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштам телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының арасындағы байланыстарды нығайтудың өзекті мәселелері мен перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Еуропа Одағымен, соның ішінде Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы қарым-қатынастардың даму қарқынына оң баға берді. Сондай-ақ сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика және цифрлық трансформация салаларындағы байланыстарды тереңдету мен орнықты дамудың маңызын атап өтті.

Тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің барлық бағыты бойынша диалог пен өзара ықпалдастықты ілгерілетуге алдағы уақытта да дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.