Тоқаев Ақордада ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Автор: Бақыт Шынар

Ол президентке сайлау комиссиясының қазіргі жай-күйін баяндаған

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Әбдіров президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары туралы баяндаған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.