«Тек қана нәтиже керек»: Тоқаев үкіметте қорытынды сөзін айтты

Автор: Бақыт Шынар

Президент нәтиже болса ғана даму болады дейді

Фото: Ақорда

Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы аяқталды. Сөз соңында Тоқаев министрлер кабинетінен тек қана нәтиже күтетінін қадап айтты, деп хъабарлайды Azattyq Rýhy.

«Экономикамыз дамып жатыр. Бірақ оның қарқыны ойдағыдай емес. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Оны алдағы бес жылда орындауымыз керек. Бізге, ең алдымен, білікті және ел мүддесін ойлайтын отаншыл кадрлар керек. Дәл осындай мамандарды тауып, оларды басшылық лауазымдарға тағайындаймыз. Бүгін біз еліміздің 2024 жылғы даму нәтижесін қарадық. Қордаланған мәселелерді талқылап, алдағы міндеттерді айқындадық. Басты мақсат – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Алдағы жоспардың бәрін сапалы орындау қажет. Сөз соңында тағы да атап өткім келеді: бізге нақты нәтиже керек. Нәтиже болса ғана даму болады», - деді Тоқаев.