Алматы облысында АЭС салу туралы келісімге қол қойылады – Бектенов

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы премьер бүгін мәлім етті

Фото: istockphoto.com

Жуырда Алматы облысында АЭС салу туралы келісімге қол қойылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.

«Жақын арада Алматы облысында бірінші Атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз.

Сондай-ақ екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын», - деді Олжас Бектенов.

Тегтер: